Бір айда синтетиканы қолдан жасайтын бес өндіріс әшкереленіп, 300 келіге жуық есірткі алынды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы бірнеше операция өткізді

Синтетикалық есірткіні қолдан жасайтын 5 өндіріс және каннабис өсіруге арналған бір фитолабораторияның заңсыз жұмысы әшкере болды. 

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасының жолы кесілді.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсор тәркіленді.